Duration 2:19

Жаңаөзенде тағы шу. Тұрғындар әкімдік берген пәтерлерін 10 жыл өтсе де заңдастыра алмай жүр

3 386 watched
0
28
Published 16 Jul 2021

Жаңаөзен қаласының бір топ тұрғыны бүгін облыстық әкімдік ғимаратының алдына жиналды. Өйткені, осыдан 10 жыл бұрын әкімдіктің әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берген пәтерін заңдастыра алмай жүр. Жиналғандар Жаңаөзен қаласының әкімдігі келісімшартты 2 жылдан кейін бергенін айтады. 10 жыл бұрын әкімдіктен пәтер кілтін қуана қабыл алғандар бүгінде шенділердің табалдырығын тоздырып, мәселелерін шеше алмай жүр. Облыс әкімдігіне жиналғандар «Жаңаөзен әкімдігі алғашында пәтерді үш жылдан кейін заңдастыруға болады» дегенін айтады. Алайда әлі күнге дейін баспаналары әкімдіктің балансында тұр. Ал оны заңдастыру үшін төленетін ақы нарық құнынан әлдеқайда жоғары дейді олар. АҚТҮЗЕЛ ТЕРЕКОВА, Жаңаөзен қаласының тұрғыны: – Инвалид балам үшін 3 үйлік пәтер берді. 2014-те договорымызды алдық. Бірақ содан бері де әлі аренда төлеп келе жатырмын. Әкімшілік барғанда инвалид балаға бердіңіз ғой, үй атына өтпейді дегенде. «Апа тек сізге қалдық құнымен шығары береді деді. Юрист жалдап, баратын 2-3 юристерге бардым. «Апа, сіздің документіңізді дұрыс бермеген деді. Негізі шапкасы инвалид баланың атында болу керек еді, бұлар менің атыма жазып қойыпты. НАТАЛЬЯ ВОЛОСАТОВА, Жаңаөзен қаласының тұрғыны: – Қолымда келісім-шартым бар. Пәтер құны - 7 миллион теңге. Енді жекешелендіруге барсам маған 11 миллион теңге төлейсіз дейді. Мен бұған мүлде келіспеймін. Ал облыстық әкімдікте пәтерді жекелендірудің өз тәртібі бар екенін айтады. Баспана берілген кезде жалдамалы пәтер ретінде берілген және оның әр квадратына сәйкес баға бекітілген деп түсіндірді. Егер үйдің бастапқы құны 5 миллион теңге болса уақыт өткен соң оның қолданыста болғанына байланысты баға төмендекі керек дейді әкімдіктегілер. БЕРДІБЕК ҚАРТБАЕВ, Маңғыстау облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы: – Мына жекешелендіруге қатысты комиссия бар. Сол комиссияға бұлар өтініш тастайды. Сол кезде қалалық әкімдік бұларға есеп жүргізеді. Бастапқы құны мынандай, қазір қалып тұрған құны мынандай. Осы құнды сіз төлесеңіз ғана комиссияның қорытындысына сәйкес үйді жекешелендіп шығады. Бұлардың айтып отырған сұрағы қазіргі таңда маған үйді бесплатно жекешелендіріп берсін дейді. Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ басқарма басшысы бұл мәселені «Жаңаөзен қаласының әкімдігінен анықтаймын» деп сендірді. Махаббат Нұржанқызы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #заңдастыру #баспана_жыры #Маңғыстау

Category

Show more

Comments - 9